00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Асқар Забикулин туралы телесериал қашан көрсетіледі?

21.07.2023 | 04:30
98
Фото: Д.Қыдырәлінің Instagram парақшасынан

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің 

 парақшасында жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Соңғы кездері елімізде сериал өндірісі, креативті индустрия дамып жатқаны белгілі. Бізде түсірілген сериалдарды шетелдік арналар сатып алуда. 
Сондай фильмнің бірі – қарапайым да адал еңбек адамын суреттейтін «Қаhарман» атты телеөнім. Өрт кезінде опат болған батыр бейнесін насихаттайтын сериалдың сюжеті шынайы оқиғаларға негізделген.  Фильмнің бас кейіпкері – өткен жылы ғана алаумен арпалысып, үш адамның өмірін құтқарған, өкінішке қарай, өзі ажал құшқан өрт сөндіруші, халық қаһарманы Асқар Забикуллин, - деді министр. 

Оқи отырыңыз: Астанада Асқар Забикулин жайында фильм түсіріліп жатыр

Дархан Қыдырәлі Астанадағы түсірілім алаңына барып, шығармашылық топпен кездесті. 

362015116_6855844817760112_4301992357238231209_n.jpg

Сонымен қатар, Асқар Забикулиннің әйелі – Анель және қыздарымен әсерлі әңгіме болды.

362261932_6855799287764665_8961654784136643066_n.jpg

«Bas production» продюсерлік компаниясы түсіретін сериал қыркүйек айында «Астана» телеарнасында көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Асқар Забикулин 2022 жылы 16 қарашада Астанада өрт болған «Қаһарман» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын құтқару кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған еді. Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн күресті. Өкінішке қарай, ол 20 қараша күні ауруханада көз жұмды. 

Барлық жаңалықтар