Елордалық ғалым марганецтен бояғыш алу технологиясын жасады
ЕҰУ оқытушы-зерттеушісі Руслан Сафаров әріптестерімен бірге марганец кенінен тримарганец тетраоксиді бояғышын алудың жолын тапты, деп хабарлады Elorda.info.
Жаңа технологияны құрылысқа қажетті шоколад түсті кірпішті жасау үшін қолдануға болады. Ғалымдар бұл әдісті коммерцияландыруды және өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.
Тримарганец тетраоксиді бояғышын алудың жаңа технологиясы патенттелді. 2022 жылы жоба жетекшісі Руслан Сафаров әріптестерімен бірге Ғылым қорының грантын жеңіп алды. Бұл ғылыми әзірлемені коммерцияландыруға және өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда марганец кендерінің едәуір қоры бар. Олардан бояғыш алуға болады. Біз ғылыми зерттеу жүргізіп, оның қорытындысы бойынша тримарганец тетраоксидін алудің технологиясын таптық. Оның үлгісін сараптау үшін Көкшетау қаласындағы кірпіш зауытына тапсырдық. Мамандар біздің жасаған өнімнің сапасы жақсы екендігін растады, - деді ЕҰУ оқытушы-зерттеушісі, химия ғылымдарының кандидаты Руслан Сафаров.
Ғалым бүгінде бағдарламалау тілін меңгеріп, жаңа дағдыларды ғылыми жұмыстарында кеңінен қолдануда. Бұл өз кезегінде зерттеулердің аясын кеңейтуге жол ашты.
Геохимиялық зерттеулерде біз нейрондық желілерді қолдана бастадық. Химия, геология, IT қиылысындағы ғылымдардың мұндай үйлесімі жаңа қызықты нәтижелер береді, яғни объектілерді әдеттегі қарау кезінде айқын емес заңдылықтарды табуға мүмкіндік жасайды. Мен өзім бағдарламалаумен, ақпараттық жүйелерді құрумен айналысамын. Сондықтан геохимия мен қоршаған орта объектілерін бақылау саласында машиналық оқытудың нейрондық желілер және басқа технологиялары сияқты компьютерлік модельдерді қолдану бағытын игеремін. Бұл зерттеу аясын кеңейтуге көмектеседі, - дейді Р. Сафаров.
Ғалым әріптестерімен бірге қаланың тұрғын аудандарындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік аймақтардағы ластаушы заттардың, ауыр металдардың таралуын зерттейді.
![](/img/articles/uploads/whatsapp_image_2024_03_01_at_110456_f14745895e.jpeg)
![](/img/articles/uploads/c4a5486da406f39ac35f7f1252fa5528_1280x720_ed9cba6ff2.jpeg)
![](/img/articles/uploads/c0edb4713969594513fd536f9e74f36a_1280x720_8dade987b2.jpeg)
![](/img/articles/uploads/23_image_22_02_24_04_05_4_c62cbf3b81.jpg)
![Астанада досы үшін дер кезінде көмек шақырған бала марапатталды](/img/articles/uploads/whatsapp_image_2024_03_01_at_110456_f14745895e.jpeg)
![Астаналық спортшы XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында ту көтеріп шығады](/img/articles/uploads/c4a5486da406f39ac35f7f1252fa5528_1280x720_ed9cba6ff2.jpeg)
![Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты](/img/articles/uploads/c0edb4713969594513fd536f9e74f36a_1280x720_8dade987b2.jpeg)
![Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады](/img/articles/uploads/23_image_22_02_24_04_05_4_c62cbf3b81.jpg)
![Астаналық ғалымдардың кітабы әлемдік баспадан жарық көрді](/img/articles/uploads/12_092b470361.jpg)
![Елордалық жас ғалымның еңбегі Дубайда ең үздік деп танылды](/img/articles/uploads/Ajman_2_4a6d0a08c1.png)
![Астана әкімдігі Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйлады](/img/articles/uploads/61ff1237f739981548f9d347b207210a_1280x720_590948a31c.jpeg)
![«Астана Опера» солисі халықаралық тележоба жеңімпазы атанды](/img/articles/uploads/photo1702969555_3bc9b93317.jpeg)
![Елордалық инспектор республикалық конкурстың жеңімпазы атанды](/img/articles/uploads/imgonline_com_ua_Frame_blurred_3_Zots_Vm_SE_5r_eef3e3c4b5.png)
![Астанада адам өмірін өрттен арашалап қалған әскери қызметші марапатталды](/img/articles/uploads/4d8176f60f0c39c2c9185482f33e775e_1280x720_04e497ad5c.jpg)
![Астанада досы үшін дер кезінде көмек шақырған бала марапатталды](/img/articles/uploads/whatsapp_image_2024_03_01_at_110456_f14745895e.jpeg)
![Астаналық спортшы XX қысқы Сурдлимпиада ойындарында ту көтеріп шығады](/img/articles/uploads/c4a5486da406f39ac35f7f1252fa5528_1280x720_ed9cba6ff2.jpeg)
![Жүзуден Азия чемпионатында астаналық спортшылар рекорд орнатты](/img/articles/uploads/c0edb4713969594513fd536f9e74f36a_1280x720_8dade987b2.jpeg)
![«Нәтиже – 30 секундта»: Қатерлі тері ауруын анықтайтын қосымша пайда болды](/img/articles/uploads/64143dd2a962e735533723_6aea421ecd.jpeg)
![Астаналық ғалымдар ChatGPT-дің қазақ тіліндегі прототипін жасады](/img/articles/uploads/23_image_22_02_24_04_05_4_c62cbf3b81.jpg)
![Bosphorus Cup-2023: Елордалық мәнерлеп сырғанаушы жүлдегер атанды](/img/articles/uploads/6455eed1_9cc0_4ad0_b428_41e142b89527_108c056c2f.jpg)
![Астана әкімдігі Галина Дувановаға бір бөлмелі пәтер сыйлады](/img/articles/uploads/61ff1237f739981548f9d347b207210a_1280x720_590948a31c.jpeg)
![Астаналық ғалым екінші рет әлемдегі ең үздік ғалымдардың қатарына енді](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_12_06_at_14_08_43_d6be2f88e6.jpeg)
![«Астана Опера» солисі халықаралық тележоба жеңімпазы атанды](/img/articles/uploads/photo1702969555_3bc9b93317.jpeg)