00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәліктері табысталды

15.02.2023 | 15:39
Елорда ақпарат
63
Мерекеге орай, «Бәйтерек» монументінің ғимаратында Есіл ауданының жас жұбайларына неке куәліктерін табыстау рәсімі өтті. Рәсімге ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Омаров пен Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов қатысты. [caption id="attachment_100587" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption]
«Құрметті жас жұбайлар, сіздері заңды некелеріңізбен құттықтаймын! Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Бүгін осы мереке қарсаңында сіздер жаңа өмірге қадам басып отырсыздар. Мемлекет отбасын дамыту мен қолдауға көп көңіл бөледі. Жыл сайын Қазақстанда шамамен 100 мың жұп некесін қияды. Тек өткен жылы Нұр-Cұлтанда 10 500 астам неке қиылды», - деді құттықтап, тілегін айтқан Омаров.
Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пандемияға байланысты аудан әкімдігі алғашқылардың бірі болып жас жұбайларды далада, таза ауады құттықтау тәжірибесін енгізгенін айтты. [caption id="attachment_100588" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption]
«Бұл дәстүр жалғасып келеді. Мен Есіл ауданы тұрғындарының атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық пен бақыт тілеймін!», - деп толықтырды Жәкенов.
Өз кезегінде жас жұбайлар қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, отбасы әр адам үшін аса құнды дүние екенін атап өтті. [caption id="attachment_100581" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption] [caption id="attachment_100577" align="alignnone" width="1024"] Фото: Оңалхан Өнерхан/Elorda Aqparat[/caption]
Барлық жаңалықтар