00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Азия чемпионатында ел намысын қорғаған елордалық үш боксшы алтын жүлде жеңіп алды

15.02.2023 | 15:15
Елорда ақпарат
64
Сонымен 48 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай финалда үндістандық қарсыласы Вишнават Сурешті 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтса, Бақберген Алиасқаров 75 келі салмақта Иран спортшысы Фардин Халифелуды 4:1 есебімен ұтты. Ал 86 келіде Темірлан Мұқатаев Өзбекстан өкілі Диербек Ураловты 5:0 есебімен ұтып , жарыс жеңімпазы атанды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 8 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде иеленіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 3 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы тұрақтаса, үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлдемен Үндістанның былғары қолғап шеберлері қорытындылады.
Барлық жаңалықтар