00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тұрғындар техникалық қабаттың пәтерге айналып жатқанына наразы

15.02.2023 | 15:13
Елорда ақпарат
40
Сонымен, қазір мемлекеттік бағдарлама арқылы салынған көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық қабатында күндіз-түні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан 3 жыл бұрын да осындай жағдай болып, тұрғындар сотқа шағым түсіріп, жеңіп шыққан екен. Тұрғындар бұған дейін бірқатар мемлекеттік органдардың есігін қағып, табалдырығын тоздырған. Енді бір қолдау болар деп Байқоңыр ауданының әкімін де шақырыпты. Тұрғындармен тілдесуге келген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Байжанов бұл жайтқа әкімдіктің араласа алмайтынын жеткізді.
«Мән-жайды анықтап, қазір қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне хат жолдадық. Олар техникалық қабаттағы инженерлік жүйелерді тексеріп, бір жауабын беретін болады. Тұрғындардың қолында құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған деген соттың шешімі бар. Бірақ бұл іске біз емес, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы айналысады», - деді Жасұлан Байжанов.
Ал қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Айдос Хамиев биылғы 25 тамызда Иманов көшесі, 42-үйдің меншік иесі төрағасының атынан техникалық этажда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөніндегі өтініш келіп түскенін растады. Қазір ол өтініш қолданыстағы заң бойынша қаралып жатқан көрінеді.
Барлық жаңалықтар