00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордадағы «Сарыарқа» базарының саудагерлері індетке қарсы вакцина алды

15.02.2023 | 14:56
Елорда ақпарат
39
Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында саудагерлер әлеуметтік жауапкершілікті ескеріп, вакцина алуға шешім қабылдады. Осы ретте, Сарыарқа ауданының әкімдігі саудагерлерге қолайлы болу үшін вакцинациялау пунктіне дейін жеткізетін арнайы автобус ұйымдастырды. [caption id="attachment_98236" align="alignnone" width="1280"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption]
«Қазіргі таңда бәріміздің ортақ мақсатымыз бұл қоғам болып індетпен күресу. Ал күресудің тиімді жолы – вакцина алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Сарыарқа ауданындағы емханаларға тіркелген 267 354 тұрғынның 253 812-сі коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алған. Өз тарапымыздан, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін вакцинациялау пункттеріне дейін жеткізетін автобустарды ауданымыздың тұрғын алаптарында ұйымдастырдық. Дегенмен, тұрғындармен қатар, кәсіпкерлік нысандары да өтініштер қалдыруда», - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Ернар Мырзахан.
Вакцина алған қызметкерлердің жағдайы жақсы. Ешбірінде жанама әсер болмаған. [caption id="attachment_98237" align="alignnone" width="1280"] Фото: Оңалхан Өнерхан[/caption]
«Сауда саласында істеп жүргеніме 2 жылдан астам уақыт болды. Базар ол нағыз адам көп жүретін, жұқпалы індет жұқтыру қаупі бар орта. Сондықтан да саудагерлер өзіміз бен өзгелердің денсаулығын ойлау мақсатында екпе алудамыз. Біздің жұмыс таңмен таласа басталып, кешке дейін жалғасқандықтан ары-бері шығатын мүмкіндік бола бермейді. Ал бүгін Сарыарқа ауданы әкімдігі саудагерлерге екпе алуға қолайлы жағдай жасағандықтан көбіміз вакцина қабылдап жатырмыз. Осындай жақсы жағдай жасап жатқан әкімдікке өз атымнан және ұжым атынан алғысымды білдіргім келеді», — деді сатушы Жібек Төребаева.
Барлық жаңалықтар