00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Армрестлингтен Азия чемпионатында елордалық спортшылар он бір медаль иеленді

15.02.2023 | 14:53
Елорда ақпарат
41
Азия біріншілігі спортшылар мен ерекше қажеттілігі бар спортшылар арасында өтті. Байрақты бәсекеде елордалық спортшылар алты алтын, бір күміс жүлдені жеңіп алса, ерекше қажеттілігі бар спортшылар арасында елорда қоржыны тағы екі алтын және екі күміс жүлдемен толықты. Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Ересектер бойынша: Арман Рахманқұлов 100 кг I орын – оң қол бойынша Ардагерлер бойынша Денис Уманский 100 кг I орын - оң қол бойынша I орын - сол қол бойынша Роман Кушьялов +100 кг I орын - сол қол бойынша II орын - оң қол бойынша Еркін Әлімжанов 80 кг I орын - оң қол бойынша I орын - сол қол бойынша Ерекше қажеттілігі бар спортшылар арасында: Еркін Әлімжанов 80 кг I орын – оң қол I орын – сол қол Бекзат Бүркітов 75 кг II орын – оң қол II орын – сол қол Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтан қаласында пара армрестлинг жаңадан ашылған спорт түрі болғандықтан бұл – біздің спортшылардың алғашқы Азия чемпионаты. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінде армрестлинг секциясы ашылды. Қазіргі таңда спортшылар Паралимпиадалық жаттығу орталығында жаттығады.
«Елордалық БЖСМ басшылығының шешімімен біз мектепте пара армрестлинг бөлімін аштық. Бірінші кезең спортшыларды іріктеу болды. Бір таңғаларлығы тілек білдірушілер өте көп болды. Кез келген спорт түрі секілді, бұл жерде тәртіп маңызды. Балалар жаттығуға жауапкершілікпен қарайды және себепсіз қалмауға тырысады. Шын мәнінде дайындалатын уақыт аз болды, бірақ мен өз спортшыларымның өнеріне ризамын, алғашқы жарыс үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. Финалда біздің спортшымыз Өзбекстан чемпионын жеңіп, ұлттық құраманың қоржынына алтын медаль әкелді. Енді мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында армрестлингті дамыту, сондай-ақ олармен жұмыс істеп, нәтиже шығару туралы жоспарымыз бар», – деді елордалық спорт мектебінің жаттықтырушысы, армрестлингтен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Заир Ахмедов.
Барлық жаңалықтар