00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалықтар биыл велосипедпен млн шақырымнан астам жол жүрген

15.02.2023 | 14:50
Елорда ақпарат
41
Қазір қаладағы 154 велостанцияда 900 велосипед орналасқан. Ал бас қалада велошеринг жүйесі алғаш рет 2014 жылы іске қосылған-ды. Оларды 16 жасқа толған азаматтар пайдалана алады. Соңғы 2 маусымда велосипед жалдау айтарлықтай өсіп отыр. Атап айтқанда, велошеринг қызметін 9 мың адам пайдаланды десек, осы орайда 10 мың абонемент сатып алынған. Еске сала кетсек, биыл велопрокат пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін 17 велостанцияның орналасқан жері өзгерген болатын. Ол туралы www.velobike.kz сайты арқылы танысуға болады. Ал велопрокат абонементтері www.velobike.kz сайты мен «City Transportation Systems» кассаларында қолжетімді. Велосипедтерді жалға беру жүйесі 24/7 режимінде жұмыс істейді. Велопрокат бойынша абонементтің үш түрі бар: айлық – 2 500 теңге, тоқсандық – 6 мың теңге, маусымдық – 10 мың теңге. Ал велосипедпен жүру 30 минутқа дейін тегін. Лимиттен асып кеткен жағдайда сапар құны төлемнің уақыт бойынша бөлігін ескере отырып есептеледі. Мысалы, - 0-ден 30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған; - 31-ден 60-қа дейін – 100 теңге; - 61-ден 120-ға дейін – 250 теңге; - 121-ден 180-ге дейін – 500 теңге; - 181-ден бастап және әр келесі сағатқа – 1 000 теңге. Айта кетер бір жайт, бүгінде веломаусым кезінде велобайкты жосықсыз пайдаланушылар оны станциялардың жанына немесе тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне қалдырып кетіп жатады. Соның салдарынан теріс теңгерім болып, пайдаланушыны қарызға батырады. Ал қарыз сомасы сот тәртібімен өндіріп алынады. City Transportation Systems компаниясы велошеринг пайдаланушыларын ортақ игіліктерді сақтауға және велосипедтерді тек мақсаты бойынша пайдалануға шақырып отыр. Бұл ретте велобайктар сынбау үшін жолаушылар мен ауыр жүк тасымалдауға, велосипедті басқа адамға беруге, жол жиектері мен құдықтарға соғуға, құлатуға, балаларға және 16 жасқа толмағандарға беруге, тұрған велосипедтің педалін айналдыруға тыйым салынады.
Барлық жаңалықтар