00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұрсұлтандықтар да той тойлауын қояр емес

15.02.2023 | 14:42
Елорда ақпарат
42
Есіл ауданының құқық бұзушылар тізіміне Мәңгілік Ел даңғылындағы «Лото клуб», «La Terrazza» мейрамханасы, «The Bus» бар, «Хан Талапай» мейрамханасы тіркелді. Оның ішінде «Хан Талапай» мейрамханасында көп адамның қатысуымен үйлену тойы өткен. Сондай-ақ карантин талаптары Сарыарқа ауданында орналасқан «Discrit playstation» ойын клубында және «Табу» массаж салонында сақталмаған. Алматы ауданының мониторингтік топтары да «Шеш Беш» кафесінде, «Царская» моншасында, «Сова» караоке клубында шектеу шараларының бұзылуын тіркеді. Ал Байқоңыр ауданында әдеттегідей «Шашлыкоff» барында карантин талабы ескерілмеген. Осылайша, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.
Барлық жаңалықтар