00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ескі үйдің тұрғындары баспаналарына алаңдап отыр

15.02.2023 | 14:41
Елорда ақпарат
40
Негізінен бұл үй 1964 жылы салынған. Тұрғындардың өтінішімен былтыр оған техникалық бақылау жүргізілген. Нәтижесінде ғимараттың 47 пайызға ғана бүлінгені белгілі болды. Алайда тұрғындар ол шешіммен келіспейді. Айтуларынша, үй 2003 жылдан бері ешқандай пәтер иелері кооперативіне жатпайды екен. Өкінішке қарай, төбеден су ағып, құбырлары да жарылуға шақ тұр. 27 пәтердің 16-сында қариялар тұратын көрінеді. Ал әкімдік тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жүргізуді ұсынған. Яғни 7-15 жылға мемлекеттен қарыз алып, үйге күрделі жөндеу жүргізуге болады екен.
«Заңда әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек қарастырылған. Ол үшін бағдарламаға қатысқаннан кейін әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласса, ол жерде барлық сомасын емес, біршама сомасын төлеп беруге көмектеседі», - дейді қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Көшкінбай.
Әзірге мәселені шешудің жолы осы ғана. Өйткені үй жекеменшік болған соң, ол үшін мемлекеттен қаражат берілмейді. Ал жаңа пәтер тек апатты үй тұрғындарына ғана тиесілі. Жалпы бас қалада қазір 70-ке жуық апатты үй бар. Олардың алтауы биыл сүріледі.
Барлық жаңалықтар