00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Нұр-Сұлтанда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған бозбала ұсталды

15.02.2023 | 14:37
Елорда ақпарат
54
Полицияға 102 арнасына күндізгі уақытта Тәшенов көшесіндегі дүкеннен белгісіз бозбала пышақпен қорқытып, 100 мың теңге ақша мен ұялы телефон алып кеткені туралы қоңырау түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізу барысында күдікті ізін суытпай ұсталды.
"Тергеу барысында 17 жастағы жігіттің дүкенге кіріп, айналасына қарап, сатылымда тұрған пышақты мұқият көрсетуді сұрағаны анықталды. Пышақты қолына алысымен, ол сатушыны қорқытып ақша талап етті. Әйел жас баланы өз бетінше жеңе аламын деп ойлап, одан пышақ алуға тырысты. Осы кезде оның қолы кесіліп кеткен, сонымен қатар бозбала кассадан ақша алып, "Тойота-Карина" маркалы автокөлігімен кетіп қалды. Күдіктіні аталған көлікте Кенесары - Республика қиылысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстады", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Барлық жаңалықтар