00:00
Астана -10oC
USD:
452.92
EUR:
484.99
RUB:
5.12
Іздеу

Астанада алимент төлеуі тиіс 15 мың борышкер бар

15.02.2023 | 14:13
Елорда ақпарат
53
Қазір 70-ке жуық борышкерге бухгалтер, менеджер, оператор, заңгер, күзетші, жүргізуші, инженер, дәрігер, сарапшы, құрылысшы, экономист сияқты бос орындар ұсынылып отыр. Негізінен жалақысы 80-250 мың теңге аралығындағы бос жұмыс орындарын «Байбатыр күзет» ЖШС, «Apple city corps» ЖШС, «Завод очистных сооружений» ЖШС, «Sas security service» ЖШС, «Астана қалалық жарық» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты жұмыс берушілер ұсынған. Өңірлік палата ақпаратына сүйенсек, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «алимент» санатында 15 мыңға жуық атқарушылық құжат бар. Департамент басшысы Азамат Бердібеков оның 8500-і мерзімді орындауда екенін алға тартты.
«Мыңға жуық атқарушылық өндіріс борышкерлерге іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған, ал 3 мыңға жуық борышкермен төлемдер уақытылы ерікті түрде төленеді. Сонымен қатар 2500 борышкердің тұрақты табыс көзі жоқ», - дейді ол.
Айта кетсек, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін жыл соңына дейін тағы бірнеше рет өткізу жоспарланған. Бұл ретте борышкерлер мұндай іс-шараларға қатысудан және ұсынылған жұмыс орнынан бас тартса, онысы алимент төлеуден қасақана жалтару болып есептеледі. Ондай жағдайда «қашқын әкелер» әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Барлық жаңалықтар