00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық дәрігерлер тұрғындарға вакцинация жайлы түсіндірді

15.02.2023 | 14:00
Елорда ақпарат
19
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы Мұрат Шәмшиев қазір халықты вакциналау бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатқанын айтты. «Есіл аудандық әкімдігінің мобильді тобы қазір аудан мекемелерінде, жергілікті тұрғындар арасында екпе алу қажеттігі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мобильді топ құрамында дәрігерлеріміз, әкімдік қызметкерлері бар. Тұрғындар арасында вакциналау қажеттігі жөнінде айтылып өтеді. Бұл жайлы дәрігер айтады. Біз өз тарапымыздан екпе алу пунктерінің мекенжайын береміз. Түсіндірмесі бар буклеттер таратамыз. Күнделікті ауданда, Ильинка, Пригородный елді мекендерінде тұрғын үй кешендері, мекемелер ішіне кіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Алғашында адамдар арасында аздап түсініспеушілік болған еді. Қазір енді біртіндеп жақсы түсініп келе жатыр. Себебі дәрігердің кәсіби түсіндіруі ол басқаша, олар нақты мысалдармен айтып береді. Әрине, бұның бәрінің пайдасы тиіп отыр. Адамдар вакцина алып жатыр. Бұл жұмысты жалғастырамыз», - деді Шәмшиев. Мобильді топ құрамындағы Нұр-Cұлтан қаласы №9 емханасының эпидемиолог-дәрігері Майра Рыспаева кездесуге жиналған азаматтарға екпе туралы айтып, оларды мазалаған сұрақтарға да жауап берді. «Вакцина екі кезеңнен тұрады. Оның екеуін де алу керек. Неге дейсіз ғой? Екі екпе алғанда адам ағзасында антиденелер пайда болады. Бұл антиденелер осы ауруға қарсы тұра алады. Егер де сіз бір компонентін ғана алып, екіншісін алмасаңыз, онда осы ауруға толық қарсы тұра алмайсыз. Екеуін де алу қажет. Біріншісін алғаннан кейін, мысалы Спутникті алсаңыз, 21 күннен кейін екіншісін аласыз. Хаят, Казвак, Коронавактың арасы, интервалы қысқа - 14 күн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуы бойынша, вакцина алған адамдардың иммунитеті екі жылға дейін сақталады. Бірақ екпе алғаннан кейін «өмір бойы ауырмайсың» деген сөз емес, ауырасыздар, бірақ ауру жеңіл түрде өтеді», - деді Рыспаева.
Барлық жаңалықтар