00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордада карантин кезінде екі тойдың өткені анықталды

15.02.2023 | 13:50
Елорда ақпарат
23
Әкімдіктің мәліметінше, 7 тамызда елорданың мониторингтік топтары қаланың 20 мекемесінде карантин талаптары бұзылғанын анықтады. Есіл ауданындағы 6 нысанда тиісті талаптар сақталған жоқ. Қоғамдық тамақтану орындарының сенбі және жексенбі күндері келушілерді қабылдауға, сол сияқты той-жиындар өткізуге тыйым салғанына қарамастан, "Altyn shef restoran" мейрамханасында көп адамның қатысуымен той өтті. Сондай-ақ, "Мята" лаундж-бары, "Chechil Pub", "Tequilla" барлары, "Золото" мейрамханасы, "Alanya" клубы жұмыс режимін сақтаған жоқ. Карантиндік шектеулердің сақталмауы Сарыарқа ауданында орналасқан "Бүркіт", "Темірлан" кафелерінде, "Jin" лаундж-барында, "Respawn" компьютерлік клубында, "Discovery coffee" кофеханасында, "Арман қала" мейрамханасында, "Сауна на дровах", "Империя меха" дүкенінде тіркелді. Алматы ауданындағы карантинді бұзушылар тізімінде "Бақ сарай" мейрамханасы, "Охота" саунасы, "Рыба моей мечты" караоке-бары, "Алания" түнгі клубы, "ХЗ" бары бар. Сонымен қатар, Жанкент көшесіндегі жеке үйлердің бірінде той өткізілгені анықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді. Айта кету керек, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша бес айдан бері "қызыл" аймақта тұр. Коронавируспен ауыратындар санының өсуі жалғасуда, күн сайын 1 200-1 300-ге жуық науқас анықталады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары өз денсаулығын және өзгелерді сақтау үшін санитарлық нормаларды, шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.
Барлық жаңалықтар