00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Нұр-Cұлтандағы семинар-тренингтерде NEET санатындағы жастармен жұмыс талқыланады

15.02.2023 | 11:20
Елорда ақпарат
20
Оны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырады. NEET санатына жұмыссыз жастар, жұмыс істеуге мүмкіндігі бар мүгедек жандар, үй шаруашылығын жүргізумен айналысатын жастар, белсенді емес жастар секілді топ өкілдері кіреді. Семинар-тренинг бағдарламасы NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі әдістемелік құралды практикалық қызметте жақсы түсінуге және енгізуге ықпал етеді. Қатысушылар NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің халықаралық әрі отандық тәжірибесімен танысады. Сондай-ақ осы топтың жастарына көрсетуге болатын қызметтер пакетін әзірлейді. Іс-шаралар санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады.
Барлық жаңалықтар