00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жамбыл облысына Қырғызстаннан келген 14 адамнан коронавирус анықталған

13.02.2023 | 19:11
Елорда ақпарат
43
Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы іс-қимыл шаралары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда соңғы тәулікте аймақтағы коронавирустық инфекцияның таралу жағдайының күрделене түскендігі атап өтілді. Қазіргі уақытта ресми түрде 45 науқас тіркелген, олардың дені біздің облысқа еліміздің басқа аймақтарынан, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерден келген. Науқастармен байланыста болған барлық тұлғалар карантинге алынған. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов, полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов сөз алып, олар қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Б.Жарқынбековтің айтуынша, 7 сәуірдегі жағдай бойынша облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 45 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пунктерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Дели рейсінен анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында – бір-біреуден тіркелген. Сондай-ақ, аурушаңдықтың ең көп көрсеткіші көрші Қырғыз Республикасынан келушілер арасынан байқалған десек, олардың саны – 14 адам. Барлық науқастар облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар корпусына жатқызылған. Жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде, олар клиникалық хаттамаға сәйкес ем алуда. Карантиндік және провизорлық стационарларға бүгінге дейін жалпы саны 1305 адам келіп түскен десек, оның 977-і шығарылған. Ал, 328 адам стационарлық бақылауда. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының бас санитарлық дәрігерінің облыстың барлық аумағында карантин енгізу туралы қаулысы дайындалуда. Бүгінге дейін Тараз қаласы мен Қордай ауданы аумағында карантин режимі енгізілген.
Барлық жаңалықтар