00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жамбыл облысында 3 мың экспресс-тест сатып алынды

13.02.2023 | 19:03
Елорда ақпарат
43
Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның таралу деңгейінің тұрақтылығы сақталуда. Алайда, шектеу шараларын қолдануға байланысты өзекті мәселелер туындап отыр. Бұл туралы бейнеселекторлық режимінде өткен облыстық жедел штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Штаб басшысы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қауіпті инфекция анықталған азаматтар оқшауланып, қажетті медициналық көмек алып жатқандығын, олардың денсаулық жағдайлары тұрақты екендігін атап өтті. - Статистика көрсеткендей, ауырғандардың басым бөлігі біздің облысқа өзге өңірлерден келгендер. Осыған орай блок-бекеттердегі жұмысты күшейту қажет. Кеше мен кейбір блок-бекеттерде болып, ондағы жұмыстардың өте әлсіз ұйымдастырылғанына көз жеткіздім. Көлік пен азаматтардың қозғалысын бақылау нашар жүргізілуде, көбіне салғырт қаралуда. Мұндайға жол беруге болмайды. Әсіресе, Қырғыз Республикасымен шекарадағы Қарасу және Айша бибі өткізу пункттерінің жұмысын барынша ширату тиіс, - деді аймақ басшысы. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және төтенше жағдай аясында қабылданып жатқан әлеуметтік төлемдер жөніндегі ұйымдастыру шаралары туралы баяндады. Оның айтуынша, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 690 инфрақұрылымдық жоба анықталса, оларды жүзеге асыру үшін 56 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған. Нәтижесінде 18,7 мың уақытша және 1100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ол сондай-ақ төтенше жағдай кезінде табыстан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындауға байланысты бірқатар жайттарға тоқталды. Соның бірі – екінші деңгейдегі банктердің кеңселерінде және "Қазпошта" бөлімшелерінде шот ашуға ниет білдірген адамдар қарасының қалыңдығы. Бұл орайда Ұлттық банктің облыстық филиалы мен "Қазпошта" АҚ басшылығына тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев коронавирусты инфекцияға қарсы ісшараларддың ағымдағы жағдайы туралы ақпараттармен бөлісті. 6 сәуірдегі ахуал бойынша карантиндік режимде госпитальда 1190 адам жатыр. Үй карантиніне 813 адам алынған. Ал, 35 азаматтан коронавирустық инфекция табылған. Анықталғандай, олардың барлығы республиканың басқа аймақтарында және шетелде болып келгендер. Облыс бойынша науқас және ауруға күдікті азаматтар үшін 1364 төсек-орын дайындалған десек, оның 490-ы резервте тұрғандар. Инфекцияның алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен Жамбыл облысына медициналық препараттарды сатып алуға 536,9 млн.теңге бөлінген. 3 мың экспресс-тест сатып алынды. Өңірдегі фармацевтикалық фабрикада және шағын цехтарда медициналық маскалар шығарылуда.
Барлық жаңалықтар