00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Павлодарға Түркиядан келген 102 қазақстандықтан коронавирус табылған жоқ

13.02.2023 | 18:56
Елорда ақпарат
44
Павлодарға Түркиядан ұшып келген 102 Қазақстан азаматынан COVID-19 белгілері табылмады. Бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, деп хабарлайды Елорда Инфо pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. «Құрметті Павлодар обысы тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты кеше Павлодарға Түркиядан 102 Қазақстан азаматы келді. Барлық 102 қазақстандық карантиндік госпитальда оқшауланды, олардың ішінде Павлодар облысы мен шекаралас облыстардың тұрғындары да бар», - дейді  - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов. Сонымен қатар барлығына сараптама жасалып, олардың нәтижесі белгілі болғанын мәлім етті. «Қуанышымызға қарай, отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Қайталап айтамын, отандастарымыздың барлығының дені сау және де бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады. Өзіңіз бен отбасыңызға қорған болыңыз», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Барлық жаңалықтар