00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Коронавирус инфекциясынан тағы бір науқас емделіп шықты

13.02.2023 | 18:41
Елорда ақпарат
44
Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан тағы бір адам емделіп шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап. Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. 68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық). Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар. Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды. Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала. Үй карантинінде 3853 азамат бар.
Барлық жаңалықтар