00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астаналық спортшы Азия чемпионы атанды

24.02.2023 | 15:59
Елорда ақпарат
34

Жарыс 8-11 қазан аралығында өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан алпысқа жуық жауынгерлік өнер шеберлері қатысты. 

Ерсұлтан Шәкенбай үш кездесуде қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді, финалда айқын басымдықпен тәжік спортшысы Вахид Захидзодты жеңіп, чемпионаттың жеңімпазы атанды. 

Өз кезегінде 93 кг салмақта сынға түскен Александр Вал Өзбекстан өкілі Хусейн Рахимовтан жеңіліп, күміс медальға ие болды. 

Қазақстан құрамасы жалпы есепте медаль саны бойынша екінші орын алды. Өзбекстан спортшылары бірінші орынға ие болды, үздік үштікті Тәжікстан құрамасы түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың тамыз айында Ерсұлтан Шәкенбай Қазанда (Татарстан) Еуропа чемпионатын жеңіп алған болатын.

Елордалық спортшылар 2021 жылдың қараша айында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Барлық жаңалықтар