00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық полицейлер көпірден секірген жүкті әйелді құтқарды

24.02.2023 | 15:28
Елорда ақпарат
39

«Жағдайы тұрақты. Медицина қызметкерлерінің бақылауында. Тексеруден өтіп, бейінді мамандардың барлық қажетті көмегін алып жатыр», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Еске сала кетсек, кеше полицей Алмаз Құлтанов Қабанбай батыр даңғылында қызмет бабымен жүріп, сағат 12:20 шамасында «Рамстор» сауда үйі маңындағы Есіл өзенінің көпірінде бір әйелдің әдеттен тыс әрекеттерін байқап қалады. Кенет ол сырт киімдерін шешіп, суға секіруге әрекеттенеді. Тәртіп сақшысы дереу жедел басқару орталығының кезекшісіне хабарлап, өзі көпірге қарай беттейді. Ол кезде әйел суға секіріп үлгерген еді. Құлтанов та оның артынан секіреді.

«Тәртіп сақшысы әйелге дейін жүзіп барып, киімінен ұстап, жағаға қарай бет алды. Осы кезде серіктері Асылхан Нұрмұхамбетов құтқару шеңберін лақтырып, Нұрсұлтан Сариев те серігіне көмектесу үшін суға секірді» делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің құрсағындағы бала әзірге аман.

Барлық жаңалықтар