00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтары күшін жояды

19.06.2023 | 21:00
52
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Қарулы күштері баспаханаларының техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен, полиграфиялық жабдықтар жиынтығымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын қабылдау қажеттілігіне байланысты әзірленді.

Қабылданатын құжатпен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері баспаханаларының техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен, полиграфиялық жабдықтар жиынтығымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері баспаханаларының техникалық тәрбие құралдарымен және басқа да мәдени-ағарту мүліктерімен, полиграфиялық жабдықтар жиынтығымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы № 679 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы № 104 бұйрықтарының күші жойылды деп танылады.

НҚА қолданысқа енгізілуі қамтамасыз етудің заттай нормаларын қабылдауды қамтамасыз етеді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14611684

Барлық жаңалықтар