00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел

25.02.2023 | 00:45
Елорда ақпарат
248

«2020 жылы бұрынғы Кеңес Одағының қатарында болған Қазақстан Республикасы ажырасу саны бойынша әлемде екінші орынға ие болды. Ажырасу көрсеткіші әр 1000 адамға - 4,6 келеді. Ресей (3,9), Бельгия (3,7) және Беларусь (3,7) оның артынан келеді. Америка Құрама Штаттары бұл тізімде 9- 12- орындар аралығында, жыл сайын бұл елде ажырасу деңгейі 1000 адамға шаққанда 2,7-ні құрайды. АҚШ-тың Невада штатында ажырасу көрсеткіші тым жоғары – 14% құрайды», - деп көрсеткен World Population Review сайты.

Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел (жыл сайын, 1000 адамға шаққанда):

Мальдив аралдары – 5,52

Қазақстан – 4,6

Ресей – 3,9

Беларусь (тең ойын) – 3,7

Бельгия (тең ойын) – 3,7

Молдова – 3,3

Қытай – 3,2

Куба – 2,9

Украина – 2,88

Дания – 2,7

Латвия – 2,7

Литва – 2,7

АҚШ – 2,7

Еліміздің Ұлттық статистика бюросынан аталған деректердің қаншалықты рас екенін сұрап көрдік. Отандық статистер мұны жоққа шығарды.

«Елімізде 2021 жыл ажырасу дерегі – 1,00 құраса, 2020 жыл – 1,18 құрады. Ажырасу көрсеткішінің жоғары деңгейі 1990 жылдары болған. 20 жыл ішіндегі максимум көрсеткіш 2019 жылы – 3,23 жеткен», - деді маман.

Барлық жаңалықтар