00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Эко-пикник: Астанада ерекше форматта экоакция өтті

09.05.2024 | 11:43
87
Эко-пикник: Астанада ерекше форматта экоакция өтті
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында BI Group холдингімен бірлесіп Есіл ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен Президенттік саябақта кино көрсетілімі өтті, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көктемнің жылы күнінде астаналықтар бір күнді отбасымен бірге өткізе алады. Балаларға арналған тегін бағдарлама ұйымдастырылды, оларға аниматорлар ойын өткізді, аквагрим, сахнада сиқыршылар жұмыс істеді. Сонымен қатар «Хатико» фильмінің кешкі көрсетілімін ұйымдастырдық және кіреберісте көрпелер тараттық. Экологиялық акцияның бұл бастамасы баршамызды туған жерімізді таза ету мақсатында біріктіруге арналған, - деді Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.

Пикниктен кейін қонақтар саябақтың аумағындағы қоқыстарды жинап кетті.

Біз бүгінгі күнге өте қуаныштымыз! Бұл – жағымды энергия мен қуанышқа толы өте жақсы сәт. Отбасымызбен экоакцияға қатыстық, іс-шараға қатысқан адамдар санының көптігіне таң қалдық. Маған балалар үшін аниматорлар, бет бояулары, сиқыршылар сияқты қызықты бағдарлама ұйымдастырылғаны ұнады. Осындай керемет пикник үшін ұйымдастырушыларға рақмет, - деді елорда тұрғыны Камила Төлемісова.

Кешке саябақ қонақтары үшін ашық аспан астында кино көрсетілімі ұйымдастырылды. Экоакцияға 1000-нан астам адам келді.

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акцияның осы аптасы «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Бұл аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Барлық жаңалықтар