00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті

06.05.2024 | 21:00
104
Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті
Фото: Carlos Macedo/Bloomberg via Getty Images

Бразилияда кейінгі 80 жылдағы ең алапат су тасқыны болды – елде апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны артқан. Тағы 100-ден астам адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады Elorda.info «РИА новости» желілік басылымына сілтеме жасап.

 Басылымның Ұлттық азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап жазуынша, Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 78-ге жетіп, 175 адам зардап шекті, тағы 111 адам із-түзсіз жоғалған.

Ведомство штаттағы су тасқынынан 850 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған. Елдің оңтүстігінде толассыз жауын бір аптаға жуық бұрын басталғаны мәлім болды.

Бразилия геологиялық қызметінің мәліметінше, Бразилияда болған бұл су тасқыны 1941 жылғы алапат су тасқынынан асып түскен. Кейбір қалаларда су деңгейі шамамен 150 жыл бұрын басталған бақылаудан бері ең жоғары деңгейге жетті, дейді қызмет өкілдері.

Бұл соңғы жылда Бразилияда болған осындай төртінші экологиялық апат екені хабарланды. Алдыңғылары 2023 жылдың шілде, қыркүйек және қараша айларында болған. Сол кезде жалпы алғанда 75 адам қаза болған.

Барлық жаңалықтар