00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық ұландықтар ардагерлерді құттықтады

09.05.2024 | 09:43
116
Елордалық ұландықтар ардагерлерді құттықтады
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Астанада 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ардагерлер мен тыл еңбеккерлері - Инсафидина Гареева, Любовь Войтович және Раиса Мұстаеваны Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, әскери бөлім басшылығы мен барлық жеке құрамы атынан ардагерлерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Құттықтау барысында 6636 әскери бөлімінің командирі полковник Ерлан Буранбаев қарттарға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі, сондай-ақ фашизмді жеңуге қосқан үлесі үшін, соғыс жылдарында көрсеткен батылдығы, табандылықтары үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Инсафидин Гареев өзінің  еңбек жылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып,  басқыншыларға қарсы қатал шайқастарда күрескен жолдастарын еске алды.

Құттықтау соңында әскери бөлімнің музыкалық ұжымы соғыс жылдарындағы музыкалық композицияларды орындап, қиын кезеңдердегі ерлік пен төзімділікті еске түсірді.

Барлық жаңалықтар