00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандағы ең танымал есімдер

09.06.2023 | 13:00
308
Фото: freepik.com

Elorda.info ағымдағы жылдың бес айында қазақстандықтар арасында сәнді болған топ-7 есімді ұсынады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы танымал болған Медина мен Әлихан есімдері 2023 жылғы рейтингте өз позицияларынан бас тартпады.
Биыл Әлихан деген есімді 1420 ұл иеленген. Екінші орында Рамазан есімі. Рамазан деп 2023 жылы  1354 балаға азан шақырылып, ат қойылған. Әлбетте, ата-аналардың бұл ныспыны таңдауына мұмылмандардың қасиетті айы себеп болған. Үшінші орынға Омар есімі тұрақтады. Осы есіммен 1240 бала дүниеге келген. Айсұлтан есімі төртінші орында. Ұлдарға бұл есім 1209 рет берілді. Бесінші орынды Әмір есімі алады. Бұл атпен ұлдар 1023 рет аталған.  Алтыншыда Алдияр-олардың 1001-і дүниеге келді. Ал 935 сәбидің туу туралы куәлігіне Мұхаммед деп жазылып, көшбасшы жетілікті жапты. Жалпы есімдер тізіміне Алинур, Али, Хамза, Арсен, Омар, Нұрислам, Ерасыл, Ислам және Муслим де кірді.
Ал Ққазақстандықтар қыздарын Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия деп атағанды ұнатады екен. Биыл 2961 қызға Медина есімі берілді. Айша есімі бар 3152 қызға және Айлин есімі бар 1927 қызға және көбейдік. Асылым есімін 1838 қыздың ата-анасы таңдаған. Раяналардың саны - 1661. Софиялар - 1449. Томиристер болса, көшбасшы жетілікті тұйықтайды, 1447 қазақстандық өз қыздарының осы есіммен атаған. Сондай-ақ, әйел есімдері арасында Асылым, Айзере, Мәриям, Аяла, Айым, Айару, Амина, Адина танымал болды.

Венера БАТАЛОВА

Барлық жаңалықтар