00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

07.05.2024 | 10:08
97
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Килькин Артем/КП

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы мереке күндері – 7, 8 және 9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

 Қазақстанға көптен күткен жылуды Өзбекстан жақтағы ауа массалары әкеледі.

Солтүстік пен шығыстың кейбір аудандарында 7 және 8 мамырда түнде бұрынғысынша нөлден төмен температура сақталады, бірақ 9-ы күні ауа 28 градусқа дейін жылынады. Батыста ауа райы құбылмалы болады: оңтүстік циклон найзағай ойнап, қатты жаңбыр әкеледі. Бұршақ жауып, ауа температурасының төмендеуі күтілуде, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, мамыр бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ жауады.

Барлық жаңалықтар