00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елордадағы саябаққа елшілер ағаш отырғызды

26.04.2024 | 12:16
Сабина Кәкімжан
148
Елордадағы саябаққа елшілер ағаш отырғызды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Қазақстандағы бірнеше елдің елшілері Астананы көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты, деп хабарлады Elorda.info.

Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жасыл аймақ» апталығы аясында Қарулы күштердің мемлекеттік әскери-тарихи музейі аумағында әртүрлі елшілік өкілдері жаппай ағаш отырғызды. Сондай-ақ олар қоршаған ортаның әсемдігінің маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

Бүгін көңіл-күй керемет. Мұндай акциялардың қоршаған ортаға тигізетін пайдасы мол. Ағаш отырғызу, саябақтарды көгалдандыру жұмыстарын әрдайым қолдаймын. Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа салған үлесіміз, келесі ұрпаққа қамқорлық. Осы бағытта Қазақстан ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр, - деді Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Дмитрий Зорин.

Іс-шараға Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Грузия, Беларусь, Португалия, Тайланд, Израиль, Ватикан елшілері мен өкілдері қатысты.

Бұл «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлығы аясында ұйымдастырылып жатыр. Оған қала басшылары мен тұрғындары, бизнес өкілдері және жастар атсалысуда. Мұнда шамамен 350 түп ағаш отырғызылады. Мұның қатарында қайың, қарағай, шырша ағаштары бар. Ағаш отырғызумен қоса, автоматты түрде суару жүйесін қатар орналастырып жатырмыз. Сондай-ақ осы іс-шара аясында аудандағы басқа да саябақтарда жасыл желектер егіледі. Жалпы Байқоңыр ауданында 44 гүлзар мен 1 үлкен саябақ бар, - деді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

 Айта кетейік, бұл науқан қалада наурыз айының аяғында басталды. Экоакция жыл соңына дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар