00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жібек Құламбаева Еуропадағы жарыстың финалына шықты

16.09.2023 | 02:30
39
Фото: Спортшының парақшасынан

Үлкен теннистен Солтүстік Македонияда өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық бәсекесінде отандасымыз жұптық сында финалға шықты, деп хабарлайды Elorda info.

Үлкен теннистен Скопье қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында 23 жастағы жерлесіміз Жібек Құламбаева Литва теннисшісі Юстина Микульскитемен бірге грек спортшылары Элени Христофи — Димитра Павлоуды 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Енді теннисшіміз чемпиондық атақ үшін Жапонияның өкілдері Юкина Сайго — Рина  Сайгомен ойнайтын болады.

Бұл жерлесіміздің алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін ол қыркүйек айында Чехиядағы ITF турнирінің жұптық бәсекесінде Мартина Кубкамен (Польша) бірге жеңімпаз атанған болатын. 

Айта кетейік, Жібек Құламбаева Ханчжоуда өтетін лицензиялық жазғы Азия ойындарына қатысады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар