00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерін бәс тікпеуге шақырды

13.05.2023 | 13:00
40
фото: Instagram

Кәсіпқой бокста WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) букмекерлік кеңседе бәс тікпеуге шақырды, деп хабарлады Elorda.info.

Жігіттер, бауырлар! Жекпе-жегіме ставка қоймауларыңызды сұраймын. Бәс тігу дегенің қарыз алу, алдау, босқа үміттену, мал-мүлкіңнен айырылу. Оның соңы отбасының берекесін құрту және ажырасу.  Сіздер маған жанкүйерсіздер. Мен де өз жанкүйерлерінің бақытты отбасы болуына жанкүйермін. Жақсылықта, жеңісте жүздесейік! ,- деді боксшы. 

Айта кетейік, жерлесіміз ертең чемпиондық атағын қорғау үшін, Канада боксшы Стив Батлермен (32-3-1, 26 КО) айқас өткізеді.

Барлық жаңалықтар