00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Шавкат Рахмонов Леон Эдвардспен жекпе-жектен бас тартқан жоқ

20.02.2024 | 10:04
41
Фото: ашық дереккөз

Осыған дейін аралас жекпе-жек чемпионы Шавкат Рахмонов Леонға қарсы жекпе-жектен бас тартқаны туралы ақпарат шыққан болатын, деп хабарлады Elorda.info  

Алайда Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол Vesti.kz порталына берген сұхбатында айтты

Біз Леон Эдвардсқа нақты кімді қарсылас ретінде ұсынғанын білмейміз. Бар айтарым – ондай ұсыныстан бас тартқан жоқпыз. Өйткені бізге ондай ұсыныс түскен де жоқ. Сол себепті Шавкат ол жекпе-жектен бас тартты деп айтуға болмайды. Ресми түрде ұсыныс келмеді. Қазіргі таңда Шавкат әлі де жарақатынан емделіп жатыр. Әзірге оның октагонға қашан оралатыны белгісіз, – деді Саят Абдрахманов.   

Барлық жаңалықтар