00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Шайбалы хоккейшілер элиталы дивизионға жолдама алды

15.12.2023 | 08:30
53
Фото: дереккөз

Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар командасы элиталы дивизионға жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info

Төртінші турда Қазақстан хоккейшілері Жапонияны 3:1 есебімен жеңіп, жолдама мәселесін мерзімінен бұрын шешті.

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті.

Төрт турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар ел құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.

Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 желтоқсанда Аустрияға қарсы өткізеді.

Барлық жаңалықтар