00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Сергей Деревянченко: Жәнібек Әлімханұлымен жақсы жекпе-жек болар еді

31.01.2024 | 11:55
53
Фото: әлеуметтік желіден

Кезінде «Astana Arlans» клубы сапында бірнеше жекпе-жек өткізіп, спортсүйер қауымға аты танылған Сергей Деревянченко спорттық мансабы жайында ойын білдірді: 

Хайме Мунгия 76,2 келіде жекпе-жек өткізуге ұсыныс тастады. Сондықтан оның келісімшартынан бас тарта алмадым. Бірақ қайта 72,6 келіге түсе аламын. Алайда екінші орта салмақта артық салмақ қуудың қажеті жоқ. Дегенмен, орта салмақта жақсы ұсыныстар түссе, сонда ораламын. 

Орта салмақта қос чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлымен айқас өткізу мүмкіндігі болса, қабылдар едім.

Ол керемет боксшы. Әлем чемпионы. Солақай. Әуесқой бокстағы мансабы керемет. Бұл жақсы жекпе-жек болар еді. 

Украиналық боксшы 2019 жылы IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін GGG-мен өткен кездесуіне де тоқталды. 

Геннадий Головкинмен өткен айқас эмоцияға толы болды. Жекпе-жектің қарқынды болғаны сонша, жекелеген сәттерді айтуға қиын. 

Головкин соққысының қуаттылығымен есте қалды. Оның әр соққысы жойқын еді. Өзгелер қатты ұруға күшпен талпынса, GGG-дің кез келген соққысы ауыр және сезілетін, - деді ол.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар