00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«SAMRUK BALA CUP 2023»: елордада шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды

12.12.2023 | 08:00
59
Фото: www.gov.kz

Астанада шайбалы хоккейден балалар арасында «SAMRUK BALA CUP 2023» турнирі басталды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Республикалық турнирдің ашылу рәсіміне Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, еліміздегі алғашқы әйелдер хоккей академиясының негізін қалаушы, ұлттық әйелдер хоккей лигасының тұңғыш қазақстандық ойыншысы Бұлбұл Қартанбай және атақты қара күш иесі, Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы турнирдің басталуымен құттықтап, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі.

Шайбалы хоккей додасына Қазақстанның 8 өңірінен бөлек Өзбекстан мен Қырғызстаннан барлығы 24 командадан құралған 300 бала қатысып жатыр. Олардың қатарында қалалық спорт басқармасына қарасты №10 шайбалы хоккей спорт мектебінің тәрбиеленушілері де бар.

Айта кетейік, «SAMRUK BALA CUP 2023» додасы 14 желтоқсанға дейін өтеді.  Жеңімпаз және жүлдегер командалар 14 қазан күні анықталып, марапатталады.

Барлық жаңалықтар