00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Ролан Гаррос турнирі: Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалына өтті

25.05.2023 | 19:00
31
Фото: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда фин теннисшісі 6:4 есебімен басым түсті. Есесіне екінші сетте қазақстандық спортшы есе қайырды – 6:2. Ол үшінші, шешуші партияда да 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін О.Виртанен таразы басын теңестірді. Дегенмен Скатов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Тимофей 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 165-ракеткасы Мелигени Родригес Алвес Фелипемен ойнайды. Егер Тимофей бразилиялық теннисшіні ұтса, алғаш рет Ролан Гарростың негізгі додасына жолдама алады.

Барлық жаңалықтар