00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Конституция күніне орай астаналық әскерилер арасында спорт сайыстары өтті

29.08.2023 | 07:00
49
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде шағын футбол, волейбол, арқан тартыс және белтемірге тартылудан жарыстар өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Оған Ұлттық қорғаныс университетінен, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығынан, 68665 әскери бөлімінен, Қазақ гуманитарлық заң университетінен 150-ден астам адам қатысты. Олардың негізінде Ұлттық қорғаныс университетінен екі (ҰҚУ-1, ҰҚУ-2), «Алдараспан», ҚазМЗУ, «Шығыс» және «Арлан» атты алты аралас команда құрылды.

Шағын футболдан бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші командасы иеленсе, екінші, үшінші орындарды «Алдараспан», «Шығыс» командалары өзара бөлісті.

Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші командасы волейболда да топ жарып, жеңімпаз атанды. Екінші орын Ұлттық қорғаныс университетінің екінші командасының еншісінде. Үшінші орында – Заң университетінің волейболшылары.

Арқан тартуда Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші командасы тағы да жеңімпаз атанды. Екінші, үшінші орындарды «Алдараспан», «Арлан» командалары иеленді.

9279d944cc7d10c4aa3d0e0d536472dd_1280x720.jpg

Tartyl Fest жарысында «Арлан» командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, бұл жолы екінші, үшінші орындар ҚазМЗУ және ҰҚУ-1 командаларының еншісіне бұйырды.

Жалпы командалық есепте ҰҚУ-1 командасы жеңімпаз атанды. Екінші орында – «Алдараспан» командасы, үшінші орында – ҚазМЗУ спортшылары.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға кубок табысталды. Үздік спортшылар медальдармен, грамоталармен және вымпелдермен марапатталды.

cb0c7abdaea7f67ac272a6e14e79f631_1280x720.jpg

Барлық жаңалықтар