00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Астаналық жас ватерполшылар жеңімпаз атанды

21.06.2024 | 14:19
Олжас Сүлейменов
282
Астаналық жас ватерполшылар жеңімпаз атанды
Фото: дереккөз

Астанада Халықаралық Олимпиада күнін тойлау аясында өткен су добынан арнайы турнир аяқталды, деп хабарлады Elorda.info

Жарыс «Барыс Арена» аумағындағы бассейнде өтті. Мерекелік жарысқа 15 команда қатысты: 2013 жылы туған 11 жасөспірімдер командасы және 2011 жылы туған 4 қыздар командасы.

Әрбір аймақтық құрама 15 спортшыны жарысқа қосу мүмкіндігін алды. Матчтар бірнеше күнге созылды. Алтын медаль үшін Астана мен Көкшетау командалары сынға түсті. 

Нәтижесінде, астаналық ватерполшылар жеңіке жетті. Көкшетаулық спортшылар турнирді күміспен аяқтаса, қоланы Батыс Қазақстан облысы еншіледі. 

Жас атлеттерді марапаттау рәсімін жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жүргізді. 

Айта кетелік, аталған турнир Халықаралық Олимпиада күнін тойлауға арналған ҰОК іс-шараларының бірі. 

Барлық жаңалықтар