00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Канвон-2024: 29 қаңтардағы жарыс нәтижесі қандай?

29.01.2024 | 12:00
48
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Мерей мен Ибрагим Тастеміровтер топтық кезеңде Швейцария құрамасына (Яна-Тамара Хахлен, Невио Каччивио) жол берді. Есеп: 1-9.

Осыдан кейін шаңғымен жарыста Қазақстан атлеттерінен жақсы нәтижені Берік Боранбаев көрсетті. Ол спринтте іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалдан ары аса алмады. Әубәкір Тотанов 37-ші сатыға тұрақтады (3:18.78). Қыздар арасында Виолетта Митропольская 33-ші (3:50.35), Милана Мамедова 56-орыннан көрінді (4:13.16). 

Спринтте қыздар арасында Эльза Тенгландер (Швеция, 3:33.98) топ жарса, Кайса Йоханнсон (Швеция, 3:33.98) екінші, Нейли-Лотта Карпеллин (Финляндия, 3:34.46) үшінші сатыға жайғасты. Ұлдарда Федерико Поцци (Италия, 3:16.27) алтыннан алқа тақты. Күміс Элиас Мохта (Германия, 3:16.60), үздік үштікті Тэйбор Гринберг (АҚШ, 3:17.33) түйіндеді.

Ертең шаңғымен 7,5 шақырымға жарыс (классикалық жүріспен) өтеді. Спортшылар Астана уақытымен 8:00-де (ұлдар) және 10:30-де (қыздар) шығады. Ал кёрлингтен Қазақстан мен Италия ойыны 15:00-де басталады. Жасөспірімдер Олимпиадасы 2 ақпанда мәресіне жетеді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған болатын.

Барлық жаңалықтар