00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Канвон-2024: Жасөспірімдер Олимпиадасында тарихи алтын бұйырды

20.01.2024 | 05:30
54
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды.

1. Илья Мизерных 214 ұпай;

2. Ники Хаммл 210,7 ұпай;

3. Лукаш Лукащук 209,7 ұпай;

30. Илья Шильников 124,4 ұпай.

Илья Мизерных 2007 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша ҚР спорт шебері. 2023 жылы Азия балалары ойындары халықаралық жарысында топ жарған.

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын! - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұл ел тарихындағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын.

Бұған дейін жерлестеріміз үш Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар