00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің 53 актері бозкілемде белдеседі

28.02.2024 | 09:47
82
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биылғы бәсекеде республикамыздың 10-нан астам өңірінен 53 балуан 5 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Осы күндері елордамыз түрлі ірі спорттық жарыстарды қабылдайтын қалаға айналды. Кезекті сондай турнирдің бірі – «Театр барысы». 

Өнер мен спортты бірге дәріптеп жүрген барша қатысушыларға алғысым шексіз. Сонымен қатар биыл Қазақстан алғаш рет V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қабылдайды. Осындай додалар қазақ күресін дамытуға үлкен үлес қосады деп ойлаймын, - деді жарыстың ашылу салтанатында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.  

28.jpg

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнері мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Турнир ұйымдастырушысы, «Өнер барысының» 3 дүркін чемпионы Асылхан Төлепов «Театр барысының» ерекшелігіне тоқталды: 

Ең бастысы, артымнан келе жатқан інілеріме үлгі болып, олар да қазақ күресімен айналысса деймін. Көптеген іс-шаралар тек ірі қалаларда өтіп жатады. Ал аудан, ауылдық деңгейдегі өнер адамдары сол төңіректе ғана болады. «Театр барысы» барлық жердің мамандарын бір ортаға қосып, күресіп қана қоймай, араласуына мүмкіндік сыйламақ. 

Былтыр сайысқа кемінде 3 ай жұмыс өтілі бар қызметкерлер күрессе, биыл 6 айға ұзарттық. Өйткені былтыр күреспен кәсіби түрде айналысқан спортшылар да қатысып кетті. Биыл барынша таза ұйымдастыруға тырысамыз. Салыстырмалы түрде осы жолы қатысушылардың дайындықтары жоғары, - дейді ол. 

Турнир қорытындысында ір салмақ бойынша жеңімпазға – 500 мың, екінші орынға – 300 мың, үшінші орынға – 150 мың теңге сыйақы беріледі.  

29d702be-ff52-41d6-b979-c2325346ebcf.jpg

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы алғаш рет өткен жарыста Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Жанболат Қонысбек жеңімпаз атанған болатын.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар