00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде 2 мыңнан астам оқушы Гиннес рекордын орнатады

08.09.2023 | 08:30
60
Фото: ашық дереккөз

9 қыркүйекте Тоғызқұмалақ күніне орай Алматыда тоғызқұмалақтан жарыс өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оған 2 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары қатысады. Олардың мақсаты – Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына ену.

Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Сондай-ақ 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енгізілген.

Айта кетейік, аталмыш шара ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта сағат 10:00-де өтеді. 

Сонымен қатар 21-24 қыркүйек аралығында Алматыда рапид және блиц бойынша оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. 

Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.

Барлық жаңалықтар