00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды

17.01.2024 | 08:00
38
Фото: дереккөзден

Бүкіл әлем көз тіккен жарыс биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді және оған жүз мыңнан астам турист келеді деп жоспарланған. 

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған. «Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады.

Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».

Барлық жаңалықтар