00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Барыс» бүгін «Витязь» клубын қабылдайды

27.11.2023 | 07:30
46
Фото: kz.hcbarys.kz

Астанадағы «Барыс-Арена» мұз айдынында ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» пен ресейлік  «Витязь» командасының кездесуі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Барыс» плей-офф аймағынан 10 ұпайға қалып, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 11-орында тұр. Өз айдынында «Северсталь» командасын (4:1) жеңген елордалықтар сырт айдында «Трактор» (0:2), «Металлург» (0:2) және «Торпедоға» (2:4) есе жіберді. Өз айдынындағы серия «Нефтехимикке» қарсы матчтағы жеңіспен басталды (4:3 ОТ).

«Витязь» Батыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы 11-орынға түсті. Олар плей-офф аймағынан 6 ұпайға қалып тұр. Өткен сенбіде өз айдынында өткен жалғыз матчта клуб татарстандық  «Ак Барстан» (2:3) жеңіліп қалған.

«Барыс» - «Витязь» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады. 

Барлық жаңалықтар