00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстандық теннисшілердің Мадрид мастерс турнирлеріндегі қарсыластары белгілі болды

24.04.2023 | 12:00
21
фото: tennisportal.ru

Испания астанасында WTA 1000 және ATP 1000 жарыстары сәйкесінше 25 сәуір – 6 мамыр, 26 сәуір – 7 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина доданы екінші айналымнан бастап, ресейлік Анна Калинская немесе чехиялық Бренда Фрухвиртованың біреуімен кездеседі.

Әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингте өзінен төрт саты төмен тұрған америкалық Клэр Люден өтуге тырысады.

Өткен жылы Мадридте Е.Рыбакина үшінші, Ю.Путинцева екінші айналымға дейін жеткен еді.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик рейтингте 100-сатыдағы колумбиялық Даниэль Галанмен шеберлік байқасады. Тимофей Скатов іріктеу сайыстарында бүгін италиялық Марко Чеккинатомен кортқа шығады.

Барлық жаңалықтар