00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандық оқушылар тоғызқұмалақ ойынында рекорд орнатты

10.09.2023 | 06:30
71
Фото: дереккөз

Алматы қаласында тоғызқұмалақтан сайыс өтті. Іс-шара аясында бір мезетте 2 028 оқушы тоғызқұмалақ ойнап, рекорд орнатты, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Жаңалықты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі тіркеді.

Сондай-ақ Тоғызқұмалақ күні тек Қазақстанда ғана емес, бірнеше мемлекетте де тойланды: Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Латвия, Румыния, Бангладеш, Түркия және Колумбия. 

Айта кетейік, 2023 жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.

Барлық жаңалықтар