00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақ қазанаттары Гинесс рекордтар кітабына кіруі мүмкін

14.09.2023 | 05:30
49
Фото: дереккөз

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды, деп хабарлады Elorda info

joryq.kz  сайтының мәліметінше, бүгін 12 команда жалпы есеп бойынша 850-інші шақырымды бағындырады.  

Бұдан бөлек Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен  Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды жеке еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер "Рекорд" деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр. "Рекорд" командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе,  келесі жылғы Жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар,-деп жазды жарысты ұйымдастырушылар. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 1300 шақырымды 1 атпен аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі рекордтар кітабына бұрын соңды болмаған жетістік ретінде енгізуге сұранып тұр. 

Айта кетейік, алда 5 кезең, яғни межеге дейін 450 шақырым қалды. 

Барлық жаңалықтар