00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астаналық боксшылар лицензиялық турнирге дайындықты бастады

27.02.2024 | 09:21
51
Фото: дереккөз

Жиынға 80-ге жуық боксшы қатысуда. Олардың арасында әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын елордалық боксшылардан бөлек, Ұлттық құраманың өзге де мүшелері мен әр облыстың құрамалары бар.

Жігіттердің дайындықтары жақсы. Басты акцентті лицензиялық турнир алдында боксшылардың тактикалық және техникалық дайындықтарына қойып жатырмыз. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан барлық жағдай жасалды. Енді 29 ақпан күні Италияға ұшамыз, - деді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Апеннин түбегіндегі турнирге Астана қаласының былғары қолғап шеберлері де қатысады. Олар: 80 келідегі Нұрбек Оралбай мен 92 келідегі Айбек Оралбай.

Италиядағы турнирге қатыспайтын боксшыларымыз Сербия, Литва, Әзербайжан елдеріндегі халықаралық турнирлерде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиынынан кейін боксшылардың бірқатары Атырауда өтетін Болат Теміровті еске алуға арналған халықаралық турнирде бақ сынайды.

Ал Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін әлемдік лицензиялық турнирде ерлер арасында 28 лицензия сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының бір лицезиясын иеленген. Оны былтыр жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алған.

Барлық жаңалықтар