00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада теннистен халықаралық турнир өтеді

18.07.2023 | 11:00
49

23 шілде – 6 тамыз аралығында Астанада Президент кубогі Forte Series аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Биыл Президент кубогінде ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды.

Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар өнер көрсетеді. Бұл, әсіресе, жас теннисшілер үшін жақсы мүмкіндік.

Дәреже деңгейі жоғары жарыста қазір әлемдегі үздік теннисшілердің қатарына кіретін Даниил Медведев (ATP №3), Андрей Рублев (ATP №7), Карен Хачанов (ATP №11), Себастьян Корда (ATP № 28), Роман Сафиуллин (АТР №43), Миомир Кецманович (ATP № 44), Макс Перселл (АТР №71) және басқа спортшылар бақ сынады.

Айта кетейік, Президент кубогі 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гарростың жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

Барлық жаңалықтар