00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанада парахоккейден әлем чемпионаты басталды

06.10.2023 | 14:00
39
Фото: дереккөз

Бүгін Астанада «Тарлан» мұз айдынында парахоккейден әлем чемпионаты (B-Pool) басталды, деп хабарлады Elorda.info

Елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан байрақты бәсекеде Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония және Қазақстан командалары өнер көрсетеді. Чемпионатта алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы өтетін парахоккейден «А-Pool» әлем чемпионатына жолдама алады.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімне Туризм және спорт вице-министрінің міндетін атқарушы Сәрсен Құранбек, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы директорының орынбасары Еркеғали Корбозов, Ұлттық Паралимпиада комитетінің вице президенті Бахыт Сапаров және Қазақстан парахоккей федерациясының президенті Болат Бушанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

WhatsApp Image 2023-10-06 at 13.43.25.jpeg

Парахоккейден ұлттық құрама 2022 жылы Тайландта өткен «С-Pool» әлем чемпионатында екінші орын алып, «B-Pool» жарысына жолдама алды. Міне енді «B-Pool» әлем чемпионаты елордамызда өтеді. Бұл халыақаралық спорт қауымдастығының елімізге артқан сенімі деп білеміз, - деді парахоккейден Қазақстан федерациясының бас хатшысы Қайрат Сабиров. 

Айта кетсек, жарыс 6-11 қазан аралығында Астана қаласында Тұран даңғылы, 5/1 мекенжайында орналасқан «Тарлан» мұз айдынында өтеді.

Бүгін 19.00-де Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнайды. 

Барлық жаңалықтар